ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ISO 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ АУДИТ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
Төрт күн бойы TSE өкілдері университеттің құрылымдық бөлімшелерінде кешенді аудит жүргізіп, университет басшылығымен, құрылым жетекшілерімен және қызметкерлерімен сұхбаттар өткізіп, ішкі құжаттамалармен танысты, материалдық-техникалық базаға көзбен шолу жасап, негізгі үдерістерді бағалады. Аудит 30-дан астам құрылымдық бөлімді қамтыды, олардың қатарында факультеттер, ғылыми-зерттеу институттары, департаменттер, кітапхана, инженерлік және қаржы бөлімдері, сондай-ақ Кентау қаласындағы кампус бар. Аудит барысында сапа саясатына, университетте сапа мәдениетін дамытуға және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуге ерекше назар аударылды.
2025 жылғы 16 мамырда аудиттің қорытынды брифингі өтті. Онда аудит тобы алдын ала нәтижелерді ұсынып, МКТУ-дың сапа менеджменті жүйесі тиімді жұмыс істейтінін, халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетінін және жоғары деңгейдегі тұрақтылық пен кемелдік көрсететінін атап өтті.
Университет басшылығының белсенді рөлі мен барлық деңгейдегі қызметкерлердің сапа үдерістеріне белсенді қатысуы жеке атап өтілді. Аудит қорытындысы бойынша университет TSE тарапынан оң баға алды, ал ISO 9001:2015 халықаралық сапа сертификатының қолданылу мерзімі ресми түрде ұзартылды.
Аталған аудит университеттің ашықтық, айқындық, тұрақты даму және халықаралық интеграция қағидаттарына адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 