УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова Астана қаласында өткен «Адам құқықтарын қорғау және тиімді сот төрелігі: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық стандарттардың теңгерімі» атты халықаралық форумының ашылу салтанатына қатысты.
Форум Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Халықаралық жиынды университетіміз бен ҚР Жоғары Сот Кеңесі, Сот төрелігі академиясы, Түркі сот-құқықтық даярлық желісі және ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалық офисі бірлесіп өткізіп отыр. Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжаннан келген сала мамандары қатысуда.
Бүгін халықаралық форумның ашылу салтанаты өтті. Онда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Жиенбаев және өзге де құқық саласының жетекші мамандары қазіргі құқықтық саясат, әділ сот төрелігінің тиімділігі және халықаралық стандарттар бойынша өз ойларын ортаға салды.
Басқосуда оқу орнымыздың ректоры Жанар Темірбекова да сөз алып, форумның Түркі әлемі елдері арасындағы құқықтық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті. Ол бүгінгі жаһандық өзгерістер жағдайында елдер арасындағы тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және құқықтық реформаларды үйлестірудің маңызы артқанын айтты.
«Халықаралық қазақ-түрік университеті осы форумның серіктесі ретінде адам құқығын қорғау, құқықтық реформаларды ғылыми тұрғыдан қолдау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы міндеттерді өз миссиясының ажырамас бөлігі деп санайды. Біздің университетке есімін берген Қожа Ахмет Ясауи — рухани құндылықтарды, әділет пен адамгершілікті қоғамның негізгі тірегіне айналдырған ұлы ойшыл. Ясауи хикметтеріндегі ең басты қағида — «адамның қадірін сақтау — хақ жолының негізі». Бұл үндеу — қай дәуірде болмасын адам құқықтарының іргелі қағидаларымен үндесетін мәңгілік идея.Бүгінгі форумда талқыланатын мәселелер — дәл осы рухани мұраның қазіргі заманғы жалғасы», - деді ректор.
Жанар Темірбекова өз баяндамасында өткен аптада университетімізде Конституциялық Сот пен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» симпозиумында көтерілген бастамаға да тоқталды. Ол көшпенділер өркениетінің құқықтық мұрасын терең зерттеп, оны ұлттық құқықтық доктринаға енгізудің маңызын атап өтті.
«Құқық тек нормалар жиынтығы емес. Құқық — қоғамның адамға қарап жасаған моральдық жауапкершілігі.Ал әділеттілік — мемлекеттің ең биік этикалық принципі», - деді ректор.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 