ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КҮНІ ӨТТІ
Ол «Университеттердегі цифрлық трансформация: білім беруден басқаруға жаңа көзқарас» тақырыбында баяндама оқыды. Сөз басында: «Қысқы мектептің жұмысы университетіміз үшін аса маңызды. Жыл сайын оқу ордамыздың қарыштап дамуына не қажет екенін талдап, қысқы мектеп бағдарламасына қосамыз. Жаңа ақпараттар беріп, пікір алмасамыз»,-деді.
Семинар барысында спикер жоғары оқу орындарындағы цифрлық трансформацияның мәні мен оның бүгінгі күндегі қажеттілігіне кеңінен тоқталды. Жаһандық деңгейде университеттер арасында бәсеке күшейіп, білім беру сапасы мен басқару тиімділігі цифрлық мүмкіндіктер арқылы айқындалатынын жеткізді.
Нажи Генч жиында цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары – технологиялық инфрақұрылым, адам ресурстары және корпоративтік мәдениет туралы кеңінен айтты. Университетті басқаруда электронды қолтаңба жүйелері, автоматтандырылған кадрлық, қаржылық және студенттік қызметтерді енгізудің тиімділігін жіктеп, түсіндірді. Сондай-ақ, жасанды интеллекттің деректерді талдау, болжау және автоматтандырудағы әлеуетін тілге тиек етті. Сөз соңында цифрлық өзгерістерді жүйелі жүзеге асыру университетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын айтты.
Семинардың екінші бөлімін спикер ретінде – Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры м.а Ерболат Тұрсынбек пен Цифрлық офицер Абылай Тастанбеков жүргізді. Олар «Білім беру, ғылым және басқару процестерін цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында ой өрбітті.
Спикерлер оқу ордамызда автоматтандырылған бизнес-процестердің үлесі туралы ақпарат берді. Оның қатарында: Luna электронды құжат айналымы, Platonus бағдарламалары бар.
Сондай-ақ, университетіміздің ресми AYU WEB сайтының әлеуетін таныстырып, жаңа мүмкіндіктерін атады.
Алдағы уақытта іске қосылатын «KPI», «support.ayu.edu.kz» қосымшаларын таныстырып, қызметкерлердің тапсырма алу мен орындау процестерін жеңілдететін құрал екенін айтты.
Академиялық процестер: оқу жоспарларын бекіту, пәндер мен кредиттерді тіркеу, студенттің оқу траекториясын цифрлы түрде бақылауға арналған SMART AYU 2.0 жөнінде кеңінен атап өтті. Оның стратегиялық және ғылыми бағыттарға, басқару мен әлеуметтік блокқа қосар үлесін таныстырды.
Қысқы мектеп аясындағы бұл күн қатысушыларға цифрландыру мен жасанды интеллекттің университетті дамытудағы рөлін жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді. Семинар барысында ұсынылған тәжірибелер мен цифрлық шешімдер университеттегі басқару мен академиялық үдерістердің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 