ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ МАРАПАТТАЛДЫ
Университетіміздің қос ұстазы – Мұхтар Исаев пен Меруерт Сейтова «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2025» республикалық байқауының марапатына ие болды.
Алматы қаласында отандық ғылым мен жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2025» байқауының жеңімпаздары да болды.
Конкурстың басты мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және олардың кәсіби дамуын ынталандыру.
Айта кетейік, аталған байқауға еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысып, нәтижесінде 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Марапат иелері қатарынан көрінгендер:
Мұхтар Исаев – Теология факультетінің PhD докторы, доцент м.а., Философия кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы белсенді еңбегі арқылы университетіміздің академиялық әлеуетін нығайтып келеді.
Меруерт Сейтова – Филология факультетінің кафедра меңгерушісі, PhD докторы, доцент. Ол – білікті ұстаз, жас зерттеушілердің ғылыми қалыптасуына үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, білім мен ғылым жолындағы жұмыстарына толағай табыс тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 