СЕНАТ МӘЖІЛІСІНІҢ №7 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Оқу ордамызда Сенат мәжілісінің №7 отырысы өтті. Оған Сенат мүшелері, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Сенатта университет ректоры Жанар Темірбекова Спорт факультеті Дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Абдиманап Фазиловты ҚР Туризм және Спорт министрлігінің спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен және Дене мәдениеті кафедрасының профессоры Жақыпбек Қасымбековты 63 жас, Инженерия факультеті Электр инженериясы кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Аббазбек Қасымбековты 70 жас, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы профессор Раушан Нұрділләқызын 50 жас мерейтойларымен құттықтады.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Сапа менеджмент жүйесінің 2025 жылғы ішкі және сыртқы аудитінің нәтижелері туралы Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаеваның баяндамасы тыңдалды.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының ЖОО-нан босаған Мемлекеттік грант орындарға үміткерлерді бекіту туралы Академиялық мәселелер вице-ректоры Элмира Идрисова баяндама оқыды.
Сенат мүшелері университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және баспаға ұсыну туралы шешім қабылдады.
Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2025–2026 оқу жылының қысқы кезеңінде қабылданған докторанттардың ғылыми жетекшілері және магистранттардың ғылыми жетекшілері мен диссертация тақырыптарын бекіту, Докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы Абзал Досболовтың баяндамасында айтты.
Сонымен қатар, «Archeology of Turan» атты электронды журналын ашу туралы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаевтың баяндамасы талқыланды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 