ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОННЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, университеміз және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында AI Хакатонның ашылуы өтті.
Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, жоғары оқу орындарының басшылары мен жастар қатысты.
Форум ҚР Президентінің Жолдауында айқындалған цифрлық трансформация басымдықтарын іске асыруға бағытталды.
Ашылу рәсімінде университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова сөз сөйлеп: «Біз бұл жобаны өңірлік деңгейде өткізу туралы алғаш рет бір ай бұрын ақылдасқан едік. Бүгін сол бастаманың нақты нәтижесін көріп отырмыз. Қызылорда мен Тараздан, сондай-ақ Алматы мен Астанадан келген жастардың қасиетті Түркістан топырағында бас қосуы – біз үшін үлкен қуаныш. Қазіргі замандағы барлық мүмкіндіктер, ең алдымен, жастар үшін жасалуда. Түркістан – тарихи әрі рухани орталық. Бұл жер бізге білім мен тәрбиенің қатар жүруі керектігін еске салады. Себебі тәрбиесіз берілген білім ел болашағына қызмет ете алмайды. Бүгін сіздер тек бәсекеге түсіп отырған жоқсыздар, болашақта бір-бірлеріңізге серіктес бола аласыздар. Сіздердің жобаларыңыз еліміздің қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Ал қаржылық қауіпсіздігі жоғары мемлекетте саяси мәдениет те жоғары болады. Сондықтан сіздерге зор сенім артамыз және сәттілік тілеймін», – деді.
Екі күнге жоспарланған AI Хакатон аясында қатысушылар нақты мемлекеттік кейстер бойынша жобалар әзірледі. Байқауға 120 жуық команда, 400 жуық қатысушы тіркелген.
Айта кетейік, университетіміздің білім алушылары да хакатонға қатысып жатыр. Студенттеріміз 25 жоба ұсынып, қаржылық қауіпсіздік бағытындағы өз идеяларын таныстырды.
Жалпы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан, сондай-ақ Астана мен Алматыдан келген командалар өзара бақ сынайды.
Қатысушылар Telegram желісіндегі заңсыз сауданы анықтау, онлайн-алаяқтық пен қаржылық пирамидаларды AI арқылы мониторингтеу, мемлекеттік сатып алуларды талдау және ойын тәуелділігінің алдын алу бағытында инновациялық шешімдер ұсынып жатыр. Үздік деп танылған жобаларға 10 млн теңге көлемінде жүлде қоры қарастырылған.
AI Хакатон цифрлық дәуірде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, қаржылық қауіпсіздік инфрақұрылымын заманауи технологиялар арқылы жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды. Университетіміз ұйымдастырушылар қатарында белсенді қатысып, жастардың зияткерлік әлеуетін мемлекеттік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмылдыруға үлес қосты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 