БЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН: ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР ҚАТЫСҚАН АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ
Қасиетті Рамазан айында оқу ордамызда университет қауымына арналған дәстүрлі ауызашар кеші ұйымдастырылды. Игі шараға Өкілетті Кеңес Мухиттин Шимшек, Түркия Дін істері басқармасының басшы орынбасары Хафиз Осман Шахин, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Левент Гүржан, Қазақстан Дін істері басқармасының өкілдері, ТРТ телеарнасының өкілдері, ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч бастаған профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Ауызашар барысында азан шақырылып, жиналған жамағат бірлесе дұға жасап, ауыз ашты.
Бүгінгі ауызашар дастарханына демеушілік жасаған – Түркия Республикасы Діни істері басқармасы мен Түркия Диянет қоры.
Айта кетейік, жыл сайын еліміздегі және Түркия Республикасындағы бірқатар азаматтар мен мекемелер қолдау білдіріп, Ораза айы бойы университетімізде тегін ауызашар беріледі.
Кештің көркін қыздырған сәттердің бірі – Өнер, дизайн және медиа факультетінің студенттері орындаған Жарапазан болды. Ұлттық дәстүрді жаңғыртқан жастардың өнері жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленіп, кештің рухани әсерін арттыра түсті.
Айлардың сұлтаны – Рамазан айындағы бұл игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, өзге де демеушілердің қолдауымен жалғасады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 