«AI STARTUP HUB» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОФИСІ АШЫЛДЫ
Бүгін университетімізде «AI STARTUP HUB» инновациялық офисінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау бойынша бастамасы аясында іске асты.
AI STARTUP HUB инновациялық офисі – университетте цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеу, инновациялық кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және стартаптарды қолдауға бағытталған орталық.
Сонымен қатар, бұл алаң болашақта жас өнертапқыштар мен бастамашыл жастардың жобаларын жетілдіруге, оларды тәжірибеде іске асыруға және инновациялық идеяларды жаңа деңгейге көтеруге серпін береді.
Маңызды шараға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров, Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аян Акбердиев, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі м.а. Нажи Генч және өзге де жауапты тұлғалар қатысты.
Салтанатты жиын барысында қонақтар университеттің бас ғимаратында ашылған AI STARTUP HUB инновациялық офисінің лентасын қиды. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар орталық жұмысымен танысып, арнайы жобаларды тамашалады.
Айта кетейік, қазіргі таңда 25-ке жуық жоба дайындалуда. Бұл бастамалар цифрлық шешімдерді дамытуға, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалануға және университеттің инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жаңа орталықтың ашылуы – оқу ордамыздың ғылым, технология және кәсіпкерлік бағыттарын өзара ұштастыра отырып, заманауи стартап мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Мұнда студенттер мен жас ғалымдардың тың идеяларын қолдауға, оларды нақты жобаларға айналдыруға және тәжірибелік тұрғыда дамытуға қолайлы мүмкіндік қарастырылған.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 