ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНДЕ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Наурызнама онкүндігі аясында, 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай университетіміздің бас ғимараты ерекше сән-салтанатқа бөленді. Өнер, медиа және дизайн факультетінің ұжымы мен өнерпаз студенттері ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, әсем әуенмен көмкерілген арнайы шерумен келді. Қолдарына домбыра ұстап, күмбірлеген күй мен әуелеген ән арқылы ұлттық рухты асқақтатып, көрген жанның көңіліне жылулық сыйлады.
Айта кетейік, мерекелік шеру Өнер, медиа және дизайн факультетінің ғимаратынан бастау алып, Керуен сарай кешеніне дейін жалғасып, одан әрі оқу ордамыздың бас ғимаратына дейін жаяу жүріп келді. Осылайша, шеру қала тұрғындарының да ерекше ықыласына бөленді.
Ғимарат іші думанға толып, әрбір бұрыштан ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр лебі есті. Әсем өрнекті камзолдар мен шапандар, үкілі сәукелелер мен зерлі тақиялар – барлығы да ата-баба мұрасын жаңғыртып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Шара барысында өнерпаздар университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генчпен кездесіп, ән шырқап, ізгі тілектерін жеткізді. Ректор өз кезегінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлт үшін маңызды күнді ұлықтауға үлес қосқан барша қатысушыға шынайы алғысын білдірді.
Ұлттық киім күні – тек сән-салтанаттың көрінісі ғана емес, ол – тарих пен тағылымның, рух пен бірліктің символы. Бүгінгі шеру студенттердің мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін тереңдете түсетіні анық.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 