«АЛАШТЫҢ БЕКАРЫСЫ - АЙТЫСТЫҢ БЕЙБАРЫСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «НАУРЫЗ» АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Бүгін университетіміздің түлегі, белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бекарыс Шойбековтың 50 жас мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтті.
Тағылымды шарада қазақ айтыс өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген ақындар бас қосып, сөз сайысының көркін қыздырды. Ұлттық өнерді ұлықтаған рухани кеште көрермендер әсерлі жыр, ұтқыр ой және терең мазмұндағы айтыстың куәсі болды.
Университетіміздің Мәдениет орталығында өткен айтыс аламанында суырып салма ақындардың 12 жұбы айтыссүйер қауымды өрелі өнері, өрнекті сөздерімен сусындатты.
Ақындардың өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы баға берді.
Аламанды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев жүргізді.
Рухани кеш соңында айтысқа қатысқан ақындарға арнайы сый-сияпаттар мен ақшалай марапаттар табысталды.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған өнер додасы ұлттық сөз өнерінің мәртебесін арттырып, жас буынға рухани тәрбие беретін маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 