УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін университет кітапханасында «Қасым» кітап баспасының кітап жәрмеңкесі өтті.
Шараның мақсаты – жәрмеңкеде оқырмандарға сапалы әрі мазмұнды кітаптар ұсыну және жаңадан сатылымға шыққан кітаптармен таныстыру. Оқырманның кітап қорын әдеби кітаптармен толықтыруына мүмкіндік беру.
Бұл бастама – студенттер мен оқытушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға да бағытталған.
Жәрмеңкеде кітап оқуға құштар студенттер, өздеріне бейтаныс кітаптың мазмұнымен танысты. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінде оқуға ұсынылған кітаптарды сатып алды. Жәрмеңке сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін «Қасым» кітап баспасы кітап жәрмеңкесін Филология факультетінде және №3 оқу ғимаратында ұйымдастырды.
Ертең, сәуір айының 14 күні Өнер, медиа және дизайн факультетінде және 20 сәуір күні Инженерия факультетінде кітап жәрмеңкесі өтеді.
Жалпы, «Қасым» кітап баспасының кітап жәрмеңкесі университет кампустарында әр семестр сайын тұрақты түрде өткізіледі.
«Кітап сыйла акциясы» бойынша «Қасым» кітап баспасы «Ақбілек», «Әйел махаббаты», «Балаларға арналған әңгімелер», «Сүлеймен патшаның кеніші» кітаптарын сыйға тарту арқылы университет кітапхана қорын толықтыруға өз үлесін қосуда.
Бұған қоса, қыркүйек айында №3 оқу ғимаратының күзет бөлімі қызметкерлеріне «Сүйекші» кітабы, бір жыл бұрын «Алтын орда» т.б кітабы кітапханаға сыйға берілді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 