ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ: СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАР ӨТТІ
Айтулы конгресс 6 секция бойынша жұмыс істеді: Түркі тілдес мемлекеттер мен елдердегі географиялық білім беру мен зерттеулердің мәселелері; Түркі тілдес елдер географиясын оқытудың теориялық және практикалық маңызы; Түркі тілдес географиялық ұғымдар мен терминдердің әдістемелік негіздері; Түркі тілдес мемлекеттердегі табиғат ресурстарының әлеуеті, шаруашылықта тиімді пайдаланудың инновациялық технологиялары мен әдістері; Түркі тілдес мемлекеттер мен елдердегі табиғи қорықтар мен рекреациялық аймақтардың жағдайы және халықаралық туризмнің даму әлеуеті; Түркі тілдес мемлекеттерде су ресурстарын және қауіпті табиғи процестерді басқару.
Әр секция тақырыптарына сай бағыттарына сәйкес өзекті мәселелерді қозғап, қатысушылар өзара тың ақпараттармен алмасты.
Географияны тұрақты даму үшін оқытудың инновациялық әдістері: келешегі мен міндеттер, Экономикалық географияны оқытудың жаңа тәсілдері: сандық ресурстар және практикалық құзыреттер, Түркітілдес елдердегі географиялық білім және тұрақты даму, Қазақстанның тұзды топырақтарын геокеңістіктік модельдеу, Экологиялық туризмді аумақтық ұйымдастыру арқылы Қазақстанның ұлттық парктерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, Түркі тілдес мемлекеттерде су ресурстарындағы мәселелер сынды т.б маңызды тақырыптар бойынша ғалымдар баяндама жасады.
Конгреске қатысушылар мен қонақтар секциялық отырыстардан соң, «Ясауи жолы» спектаклін тамашалады. Көптің қошеметіне бөленіп, ерекше ықыласына ие болған бұл қойылым оқу ордамызда қайта қойылды. Спектакльдің актерлік құрамы – Актерлік өнер мамандығының 3-курс студенттері. Ал, қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Мақсат Айтжанов. Түркі елдерінен келген ғалымдар мен өзге де қонақтар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен еңбектері, армандары мен шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық бейнесімен тереңінен танысты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 