«THE WORLD IS AT YOUR FINGERTIPS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Оқу ордамыздың Клиника-диагностикалық орталығында халықаралық деңгейде «The World is at your fingertips» тақырыбымен І Түркістанның қолданбалы урология симпозиумы өтті. «Ана жұрттан — Ата жұртқа Денсаулық көпірі» жобасы аясында ұйымдастырылған маңызды шараға Анкара, Баку, Кония, Эдирне, Астана қалаларынан атақты уролог, профессорлар онлайн қатысып, презентация жасады. Сондай-ақ, симпозиумға аймақтық дәрігерлер, медицина факультетінің студенттері қатысты.
Айта кетейік, симпозиум аясында Түркістан, Шымкент және жақын орналасқан аудан орталықтарынан келген қатысушылар күрделі деп танылатын «перкутанды нефролитотрипсия» және «трансуретральды резекция» оталарының жасалуына куә болды. Күрделі оталарды университетіміздің КДО-ның Бейне-оқыту залында тікелей эфирде көріп, өзара талқылауға мүмкіндік алды.
Симпозиум барысында әлемде алғаш рет перкутандық әдіс арқылы бауырдан өт тастарын алу отасын жасаған, медициана мамандары арасында «ультра-мини перкутандық гепатолитотомия» атты авторлық әдісімен танымал проф., доктор Ахмет Өзтүрк жақын орналасқан аудандардан және қалалардан келген урологтар мен жалпы хирургтарға «Бауыр өт тастарында қолданылатын ультра-мини гепатолитотомия әдісі» тақырыбында семинар өткізді.
Айта кетейік, үш күн бойы науқастар Түркиядан келген білікті мамандар мен жергілікті урологтардан қажетті консультациялық көмек алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 