ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРЛАР СЕРИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін оқу ордамызда Ғылым айлығы аясында 27-30 сәуір күндері аралығында өткен ғылыми сенминарлар сериясы өз мәресіне жетті.
Семинарлар сериясының басты мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдардың ғылыми жобаларды әзірлеу, халықаралық және ұлттық гранттық бағдарламаларға өтінім беру бойынша кәсіби құзыреттерін арттыру.
Семинарлар сериясы барысында қатысушыларға ғылыми жобаларды әзірлеудің негізгі кезеңдері, жоба идеяларын қалыптастыру, өтінім құрылымын жүйелеу, бағалау критерийлеріне сәйкес құжат дайындау жіті түсіндірілді.
Бұдан өзге спикерлердің ұлттық және халықаралық жобалар аясындағы мүмкіндіктер туралы тағылымды ақпараты, жас ғалымдарға жұмысын жандандыруға серпін берді.
Әсіресе, Erasmus+ бағдарламасы аясындағы жобаларға өтінім беру үдерісі кеңінен түсіндірілді. Спикер өтінім дайындау барысында конкурс талаптарымен алдын ала танысу, бағдарлама нұсқаулықтарын мұқият зерделеу, өтінім формаларын қарау және уақытты тиімді жоспарлау туралы айтты.
Сонымен қатар жобалық өтінімнің әкімшілік және техникалық бөлімдері, мазмұндық құрылымы, KPI көрсеткіштері мен қаржылық жоспарлау мәселелері бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Семинар спикерлері ғылыми жобаларды әзірлеу – жүйелі дайындық пен ұжымдық жұмысты талап ететін ұзақ процесс екенін атап өтті. Осыған байланысты қатысушыларға ғылыми идеяларды нақтылау, мәтіндерді сапалы әзірлеу және жобаларды мерзімінен кешіктірмей тапсыру жөнінде кеңес берді.
Жиын соңында қатысушылар жаттығулар жасап, тест сұрақтарына жауап берді. Белсенділік танытқан жас ғалымдар, жас зерттеушілер мен оқытушылар тестілеу қорытындысы бойынша алғашқы үштікке еніп, Erasmus+ бағдарламасы кеңсесінің үйлестірушісі ұсынған сый-сияпатқа ие болды.
Шара соңында Ғылым департаментінің директоры Хайрулла Масадиков университет басшылығы атынан семинарлар сериясында құнды ақпараттарын бөліскен барша спикерлерге алғыс хат табыстады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 