«АНА ЖҰРТТАН АТА ЖҰРТҚА – ДЕНСАУЛЫҚ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ
Университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығына «Ана жұрттан Ата жұртқа – денсаулық көпірі» жобасы аясында Түркия Республикасының балалар урологы Юнус Сойлет келді. Ол жергілікті медицина мамандарымен тәжірибе алмасты.
Айта кетейік, Юнус Сойлет – Стамбул университеті профессоры, балалар урологы, халықаралық деңгейдегі маман. Балалар урологиясы бойынша оқу орда клиникасында бірнеше рет халықаралық мастер-класс өткізген маман.
Профессор клиниканың балалар хирургы Вохид Таировпен бірлесіп, Түркістан облысында сирек жасалатын оталарды жасады.
Жалпы, 4–7 жас аралығындағы науқастарға несеп-жыныс жүйесінің туа пайда болған ақаулары бойынша үш күрделі ота жасады. Бұл – өңір медицинасы үшін үлкен жетістік, себебі мұндай жоғары деңгейдегі операциялар бұрын сирек жасалған.
Сонымен қатар, дәрігер науқастар мен олардың ата-аналарына кеңес беріп, емдеу жолдарын түсіндірді. Қазір ота жасалған балалардың жағдайы жақсарып, олар стационарлық ем қабылдап жатыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай халықаралық тәжірибе алмасулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңір медицинасының дамуына жаңа серпін бермек.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 