МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Рәміздер алаңында Ту көтеру рәсімі өтті.
Шараны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу жөніндегі тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды.
Жиынның басты мақсаты – қазақстандықтардың отансүйгіштік рухын нығайту, мемлекеттік құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер қатысты.
Салтанатты шарада сөз бастаған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров: «Қадірлі қауым! Рәміздер – мемлекеттің ғана емес, ұлт жанның символы. Көк байрағымыз – бейбітшілік пен азаттықтың белгісі, Елтаңбамыз – ел тұтастығы мен берекенің нышаны. Әнұранымыз – халқымыздың асқақ рухы мен патриоттық сезімін айшықтайтын ұлы туынды. Мемлекеттік рәміздеріміз халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, елдік пен бірліктің символына айналып отыр. Әсіресе, тарих пен болашақ тоғысқан қасиетті Түркістан топырағында мемлекеттік нышандарымызды ұлықтаудың орны бөлек. Бабалар рухы аңсаған азаттық символы болған Көк байрағымыз қасиетті шаһардың аспанында желбірегенде, біз егемендік қадірін, бірлік пен бейбітшіліктің бағасын тереңірек сезінеміз»,-деді.
Салтанатты рәсім кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жоғары көтеріліп, Әнұран орындалды. Бұл – елдің рухын көтеріп, жастардың жүрегіне патриоттық сезім ұялатты. Осылайша, шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 