УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ 2 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ACCA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУІНЕН ӨТТІ
Оқу ордамыздың «6В04143-Есеп және аудит» және «6В04144-Қаржы» білім беру бағдарламалары бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы кәсіби сарапшыларды біріктіретін ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) халықаралық ұйымының аккредиттеуінен сәтті өтті.
Осылайша, аталған білім беру бағдарламалары халықаралық кәсіби стандарттарға сәйкестігін дәлелдеп, халықаралық деңгейде танылып отыр.
Аккредиттеудің маңызды артықшылықтарының бірі – студенттердің халықаралық кәсіби біліктілікке дайындалуына мүмкіндік берілуі. ACCA біліктілігін алу үшін 9 пәнді меңгеру қажет. Оның ішінде 5 пән бакалавр деңгейінде, 2 пән магистратурада оқытылады. Қалған пәндер бойынша да университет базасында кәсіби дайындық ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл өз кезегінде білім алушылардың кәсіби даярлығын күшейтіп, олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Студенттеріміздің болашақта халықаралық компанияларда, шетелдік ұйымдарда және Қазақстандағы ірі корпорацияларда қызмет етуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жаңа мүмкіндіктермен қатар, бұл жетістік университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін де арттырады. Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында мұндай халықаралық кәсіби аккредиттеуден өткен университеттер саны шектеулі. Осы қатарға университетіміздің қосылуы қаржы және есеп бағыттарындағы білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.
Айта кетейік, бұл нәтиже – екі жылға жуық уақыт жүргізілген жүйелі жұмыстың жемісі. Осы кезеңде білім беру бағдарламалары халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, оқу мазмұны жетілдіріліп, кәсіби стандарттарды енгізу бағытында кешенді жұмыстар атқарылды.
Алдағы уақытта да оқу ордамызда білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және халықаралық кәсіби стандарттарды оқу үдерісіне енгізу жұмыстары жалғаса береді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 