ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРС ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
Университетте «Жаңа оқу жылына психологиялық дайындық: ресурс, тұрақтылық және тиімділік» атты семинар-тренинг өтті.
Шараның мақсаты – жаңа оқу жылында қызметкерлердің психологиялық ресурстарын тиімді пайдалануына көмектесу. Сонымен қатар, оқытушылардың студенттерге психологиялық қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Семинар-тренингке Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, факультеттердің тәрбие жөніндегі декан орынбасарлары, топ кураторлары мен оқытушылар қатысты.
Айта кетейік, жиынды «Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету» бөлімі ұйымдастырды. Ал тренингті психолог Көркем Арысбек жүргізді.
Қатысушылар тренингті «Бір жақсы тілек» шеңбері арқылы бір-біріне жылы сөз сөйлеуден бастады. Содан соң бірнеше топқа бөлініп, құпия ұяшықтағы психологиялық сұрақтарға жауап берді. Сергіту сәтінде бірқатар оқытушы тапсырма орындап, кейбіреуі тосын сыйға ие болды.
Тәжірибелік семинар «Шарды түсірме – бірлесіп әрекет ет», «Түсті тап – дұрыс әрекет ет» атты ширату ойынына ұласты. Одан әрі қатысушылар «Университетте болатын ортақ жағдайлар», «Бір сурет – бір команда» сынды топтық жұмыстарды орындады.
Келесі кезекте, «Командаға уәде: мен бүгіннен бастап...» деген сөйлемді аяқтап, әр оқытушы өз алдына жеке мақсаттар мен міндеттер қойды. Тапсырмаларды орындау барысында өзара сенім, жеке жауапкершілік, бірге даму, тыңдау, түсіну бірге әрекет ету дағдыларын жетілдірді.
Жиын соңында: «Бүгінгідей семинар-тренингтердің жиі ұйымдастырылуы психологиялық эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Студенттерге сапалы қолдау көрсетуге, олардың ішкі жан дүниесін тереңінен түсінуге мүмкіндік береді. Күйзелістің алдын алу мен қызметтік міндеттерді орындауда психологиялық тиімділікті арттыруға септігін тигізеді», - деді қатысушылар.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 