«АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Университетімізде Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Ахмет Ясауи мұрасы: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинардың мақсаты – түркі халықтарының рухани көшбасшысы, сопылық мектептің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бай рухани-әдеби мұрасын зерделеу, ұлттық құндылықтар мен имандылық тәрбиесін дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Ғылыми жиында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Бауыржан Сайфунов баяндама оқыды. Ол Қожа Ахмет Ясауидің түркі халықтарының ұлттық құндылықтары мен дүниетанымын қалыптастырудағы орны, сондай-ақ жазбаша мұраларының тарихи, рухани және тәрбиелік маңызын ғылыми тұрғыдан талдады.
Атап айтқанда, «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») еңбегінің мазмұны мен көне түркі тіліндегі тілдік ерекшеліктеріне тоқталып, шығармада көрініс тапқан адамгершілік құндылықтарының түркі халықтарының рухани дүниетанымын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, Ясауи жолының моральдық-этикалық негіздерін танытатын «Пақырнама», «Тариқат әдебі», «Қырық мақам» сияқты өзге де еңбектердегі рухани тәрбие мен адамгершілік ұстанымдарына тоқталды. «Мират-ул қулуб» («Көңілдің айнасы») шығармасындағы адамның ішкі жан дүниесі, жүрек тазалығы және рухани кемелдікке жету мәселелерін де қамтыды.
Жиын барысында Ясауи ілімінің Түркістан өңірінен бастау алып, Орталық Азия, Еділ бойы, Кавказ, Анадолы және Балқан түбегіне дейін таралуы мен оның түркі халықтарының рухани-мәдени кеңістігіне ықпалы сөз болды.
Ғылыми семинарға ұлы ойшылдың «Хақтың жолы – ғылым жолы, халыққа адал қызмет – Хаққа ұлы құлшылық» деген тағылымды сөзі негіз болды. Жиында ғылым мен білімге, елге адал қызмет ету мен рухани кемелдікке ұмтылудың өзара сабақтастығы жөнінде ой қозғалды. Ғалымдар жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтап, жастардың бойында рухани құндылықтар мен отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда Ясауи мұрасын зерттеудің маңызы туралы кеңінен айтты.
Осылайша, қатысушылар Ясауи мұрасын бүгінгі ғылым мен білім беру жүйесінде зерделеп, оның рухани тағылымын кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелерін саралады.
Ғылыми семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, институционалдық ясауитану бағытындағы жаңа зерттеулер мен болашақ ғылыми жобаларды талқылады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 