«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Университетімізде Заң факультетінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында «Жаңа Конституциялық құндылықтар және жастардың құқықтық мәдениеті» атты кездесу өтті.
Басқосуға Түркістан облысы Прокуратурасының өкілдері мен Әділет департаментінің қызметкерлері, заңгерлер мен оқытушы-профессорлар және студенттер қатысты. Жиын модераторы – Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Алишер Першеев болды.
Алғашқы сөз тізгінін алған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Абзал Қалдыбаев: «Конституция дегеніміз – еліміздің негізгі заңы. Онда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу қағидаттары бекітілген. Конституция жай ғана заңдар жинағы емес, ол біздің қоғамда қандай құндылықтар болуы керек екенін көрсететін негіз.
Бүгінгі таңда елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жастардың рөлі ерекше. Себебі, жастар – еліміздің болашағы. Сіздер бүгінгі қоғамның толыққанды мүшесісіздер. Қоғамдағы өзгерістерге өз үлестеріңізді қазірден бастап қоса аласыздар. Ол үшін, ең алдымен, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білулеріңіз керек. Заңға құрмет әр адамның өзінен басталады»,-деді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда белең алған дропперлік туралы тың ақпарат берді. Жастарды оңай жолмен ақша табудан аулақ болуға шақырды. Күдікті азаматтар күмәнді ұсыныстар айтса, құқықтық органдарға хабарлау керек екенін айтты. Себебі, жастарды алдау арқылы есірткі тасымалдау, дропперлік сияқты заңсыз әрекеттерге бастайтын алаяқтардың қауіпті екенін тілге тиек етті. Білімгерлерді әлеуметтік желідегі, қоғамдағы әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Келесі кезекте, Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Индира Абдурахманова мен Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің инспекторы Жармұхамбет Сапаров Жаңа Конституциялық құндылықтардың мәніне тоқталды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен заң талаптарын құрметтеудің маңызын атап өтті.
Жармұхамбет Сапаров студенттерге тергеуші мамандығының ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы баяндады. Ол болашақ заңгерлерді өндірістік іс-тәжірибе барысында сала мамандарынан дәріс алып, кәсіби білімдерін жетілдіруге шақырды.
Жиын барысында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов құрметті қонақтарға алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыс айтты.
«Заң мен тәртіп болмай қоғам түзелмейді. Сапасыз білім алған заңгерлер қоғамның дертіне айналады. Сондықтан, болашақ заңгерлер, сіздердің жауапкершіліктеріңіз жоғары болуы шарт. Университет қабырғасында өтетін әр дәрістің мәні мен мағынасын түсініп, зерттеулеріңіз керек. Заң мен тәртіп қағидатын тек айтып қана қоймай, жүрекпен сезіну маңызды. Қоғамның болашағы сіздерге байланысты»,-деді вице-ректор.
Кездесу соңында Еділ Төлегенов оқу ордамызға арнайы келіп, жастарға құқық саласы бойынша тың ақпараттар берген спикерлерге Алғыс хат табыстады. Ал қатысушы студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 