2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢҒЫ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен, әрі өзге де жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова университетімізге қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтының шетелдік зерттеушісі, PhD, доцент Нұрлан Кенжеахметовке «Құрметті профессор» академиялық атағын табыстады. Сонымен қатар, Сырым Баденовичті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медалімен, Қазақбай Абдуалиевичті 63 жасымен, ал Гулнара Ташполатқызын зейнет жасымен құттықтады. Ардақ Бостанова мен Толқын Сұлтанқызы және Алтынай Маханбетқызы, Айгүл Дөненбайқызын мерейлі 50 жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Ректор Жанар Темірбекова университеттің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының орындалуы туралы баяндады. Стратегиялық даму, рейтинг, бақылау және сапа орталығының басшысы Салтанат Қырықбаева 2023-2024 оқу жылындағы оқытушы-профессорлар құрамының ішкі рейтинг нәтижелерін қорытындылау туралы, Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова 2024-2025 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының жылдық жүктеме мөлшерін талқылау, бекіту жайлы айтты.
Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылының Академиялық күнтізбесін бекіту, 2023-2024 оқу жылындағы көктемгі сессияның қорытындысы, Магистранттар мен докторанттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің оқу процесінде жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану жөніндегі іс шаралар бағдарламасын бекіту сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 