БОЛАШАҚ ЭКОЛОГТАР ӨЗДЕРІН МАМАН РЕТІНДЕ СЫНАП КӨРДІ
Университетіміздің «Экология» ғылыми зерттеу институты болашақ экологтарға нағыз маман ретінде жұмыс істеп көруге мүмкіндік берді.
«Экология» мамандығының 2 курс студенттері өндірістік оқу тәжірибесі барысында полигондардағы жағдайды бақылап, қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату барысымен танысты, құрылыс конструкцияларында болып жатқан түрлі үдерістерді зерттеді.
Студенттер Түркістан және Шорнақ қалаларының полигондарына, канализациялық ақаба суларды тазалау станциясына, қалдықтарды қайта өңдейтін «Дат» мекемесіне барды.
Айта кетейік, бұл мекемелерде оқу тәжірибесінен өту әркімге беріле бермейтін мүмкіндік. Сондықтан, «Экология» мамандығы студенттері өз саласының қыр-сырын тереңірек түсініп, нағыз маман атану үшін қажетті білім мен дағдыларды игерді.
Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, құрылыс конструкцияларында орын алып жатқан химиялық, биологиялық коррозия үдерістерін зерттеп, «Экология» ҒЗИ-ның осы бағытта жүргізіп жатқан ғылыми жұмыстарын бақылады.
Білімгерлер «Экология» ҒЗИ-ның өндірістік цехымен, жылыжайымен, аккредиттелген зертханамен және өндіріліп шығарылып жатқан өнімдермен (тыңайтқыш, мелиорант, инсектицидтік препараттар, құрылыс материалдары, азықтық қоспа т.б.) танысты. Зертханада жаңа қондырғылармен, талдау жүргізлетін методикаларымен тәжірибелік зерттеулер жүргізді.
Жыл өткен сайын биосфера нысандарына түсетін антропогендік қысым деңгейін төмендетіп, өндіріс қалдықтарын өңдеу мен іске асыруға бағытталған жұмыстарды жүргізуге қажеттілік артып келеді. Себебі, әлем халқы үшін қоршаған ортаның табиғи күйін сақтап қалу қиынға соғып жатыр. Міне, осы бағытта нәтижелі зерттеулер жүргізіп келе жатқан «Экология» ғылыми зерттеу институты тек өңірімізде ғана емес, республикада танымалдыққа ие. Институтқа оқу орнымыздың студенттерінен бөлек, басқа қалалардағы университеттердің шәкірттері арнайы келіп, тәжірибеден өтеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 