«САНА БИІГІНЕ САМҒАУ» АТТЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ардақты ұстаз Серік Пралиевтің тау тұлғасына арналған – «Сана биігіне самғау» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Студенттер мен оқытушы-профессорлар көрсетілімді тамашалау үшін былтыр оқу ордамызда ашылған Серік Пралиев атындағы конференция залында жиналды.
Серік Пралиев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, университетімізде 2003-2007 жылдары ректор қызметін атқарған ұлағатты ұстаз.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздың ғибратты ғұмыры мен қайраткерлік қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау мен ардақты есімін есте сақтау.
Жиында алғы сөзді алған Әлеуметтік-даму вице-ректоры Еділ Төлегенов:
«Әрбір адам қоғамда белгілі бір дәрежеде өзінің ізін қалдырады. Сондай нар тұлғалардың бірі – Серік Жайлауұлы. Ол университетті басқарып қана қоймай, негізін қалауға және өркендеуіне үлес қосқан болатын. Ағамыз өмірден өткенімен, артында өшпес ізі қалды.
Ардақты ұстаздарымызды ұмытпай, еңбектерін келер ұрпаққа жеткізудің маңызы зор. Осындай іс-шаралардың студент жастарға берері мол деп білеміз. Сондықтан, бүгінгі жиынды ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!»,-деді.
Келесі кезекте, «Сана биігіне самғау» деректі фильмі көрсетілді. Толық метражды деректі фильмде Серік Жайлауұлының өнегелі өмірі мен қарымды қызметі жан-жақты бейнеленген.
Ал, оқу ордамыздың ардагер ұстаздары Сейдулла Садықов пен Гүлсара Тоққұлова Серік Пралиев жайлы естеліктерімен бөлісті. Оның басшылық қызметтегі және ұстаз рөліндегі болмысын баяндап, еңбектерін атады.
Осылайша рухани кеште студенттер Серік Пралиевтің өмір жолы мен білім-ғылым саласының дамуына қосқан үлесі жайлы тың ақпараттар алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 