«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ МЕН САҚТАУДЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Айтулы жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының – «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» гранттық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар, ең алдымен, Коммерциялық офистің жеміс-жидектерді қалдықсыз өндіретін өндірістік цехте дайындалған өнімдерінің каталогымен танысты. Каталогта: кептірілген өрік пен алмұрттан бастап, кампоттық қоспалар, жеміс-жидектерден әзірленген тәтті десерттер көрсетілген. Қонақтар каталогты тамашалап қана қоймай, табиғи өнімдердің дәмін татты.
Жиында Түркістан облысы ауылшаруашылығының даму жағдайы және болашағы туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлік палатасы агрокеңес беру орталығының менеджері, ҚР Ауылшаруашылығы Ғылым академиясы «Ясауи» білім тарату орталығының басшысы Нұрлыбек Боранбаев баяндады.
Сонымен қатар, «Жемістер мен көкеністерді кешенді өңдеудің проблемасы», «Сәндік ағаштардың генетикалық алуантүрлілігі және олардың урбанизация жағдайындағы бейімділігі», «Бау-бақшаны тиімді басқару және ауылшаруашылық дақылдарын қайта өңдеу» сынды өзге де маңызды мәселелер көтерілді.
Ал, Коммерцияландыру офисінің сектор үйлестірушісі Тимур Арипжанов көпшілікке ботаникалық бақтағы жемістерді қайта өңдеу цехының жұмысын таныстырып, тың ақпараттар берді.
Семинарда белгілі ғалымдар мен мамандардан бөлек, білімді студенттеріміз де өз жобаларын көрсетіп, баяндама оқыды. Биотехнология мамандығының 4-кус студенті Аяжан Жеңісқызы – «Ферменттерді қолдану арқылы алма шырынын алудың технологиясы және биотехнологиялық ерекшеліктері» тақырыбында зерттеулерімен бөлісті. Биотехнология арқылы алма шырынын өңдеп, қатысушыларға ұсынды.
Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау, табиғи өнімдердің маңызы туралы саралаған семинар жоғары деңгейде өтті. Бұл жөнінде қатысушылар айтып, өз пікірлерін ортаға салды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 