ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ
Атап айтқанда, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Өнертану кандидаты Амангелді Мұқан «Актерлік өнер» мамандығы бойынша «Актерлік шеберлік» пәнінен мастер-класс өткізді. Ал, «Дәстүрлі музыка өнері» мен «Музыкалық білім» мамандықтарына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультеті, Көне аспаптар кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі сазсырнайшы, педагог Гүлфайруз Далбағай мен шәкірттері Айгерім Өтеген, Айзада Қабдыкаримова «Түркістан топырағынан түлеген Сазсырнай» атты арнайы дәрісі мен шеберлік сыныбын өтті.
Қадірлі қонақтар, ең алдымен ректор Жанар Темірбековамен кездесті. Қазақ өнері мен мәдениеті жайлы сүбелі сұхбат құрды.
Келесі кезекте, Амангелді Мұқан мен Гүлфайруз Далбағай факультеттің оқытушы-пофессорлары және студенттерімен басқосты.
Гүлфайруз Далбағай сазсырнай аспабының тарихын кеңінен баяндап, аспаптың құрылымын, орындау техникаларын түсіндірді. Сондай-ақ, шәкірті Айзада Қабдыкаримова аспапта күй ойнап, қоңыр үнімен баршаның жүрегін жаулады.
«Тастауық», «Құс сайрауық», «Қоссаз», «Шыңырау» сынды өзге де көпшілік біле бермейтін, саздан жасалатын аспаптарды таныстырды. Әр аспапта жеке-жеке күй мен шығармаларды орындап, әсем үнін естіртті. Бұл аспаптардың тарихын ғана емес, өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтты.
Ал, Амангелді Мұқан театр өнері жайлы кеңінен баяндады. Құрмет-қошеметпен қарсы алған оқу орда басшылығы мен ұжымына ыстық ықыласын білдірді.
Сонымен қатар, қонақтар университет кітапханасына өздерінің «Сазды мұра», «Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия», «Ұлт театрының атасы», «Театрда туған толғамдар» атты кітаптарын сыйға тартты.
Факультет деканы Алпамыс Рахымжанов қонақтарға ризашылығын жеткізді. Осы кездесуді ұйымдастырып, қолдау көрсеткен университет басшылығына алғыс айтты.
Осылайша, өнер майталмандары студенттерге мастер-класстар өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 