ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ «2024 ЖЫЛҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Университетіміздің 4 оқытушысы республика деңгейінде ұйымдастырылған «2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы атанды.
Конкурстың мақсаты – оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру.
Айта кетейік, конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Нәтиже бойынша қазақстандық 38 университеттен 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, «2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісіне ие болады.
Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды.
Республикалық сайыста жеңімпаз атанған университетіміздің оқытушылары:
1. Гүлназ Нұсқабаева – Медицина факультетінің декан, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
2. Мөлдір Мұратбекова – Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Математика кафедрасының доцент м.а., PhD;
3. Шерзод Құрбанбеков – Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар» ҒЗИның директоры, Жаратылыстану ғылымдары факультеті Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD;
4. Артур Болганбаев – Экономика, басқару және құқық факультетінің доценті, PhD.
Айтулы конкурста үздік атанған оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 