РЕКТОР ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА ҒЫЛЫМИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылыми көшбасшылық және командалық басқару» тақырыбында ғылыми-академиялық семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.
Семинардың негізгі спикері болған Жанар Темірбекова ғылыми көшбасшылықтың маңызы, транзакциялық және трансформациялық көшбасшылық теориялары, тиімді ғылыми топ құрудың негізгі принциптері туралы айтты.
Ректорымыз көшбасшылықтың толық спектрі туралы баяндама жасап, адамның көшбасшы болуына әсер ететін факторларды атады. Ғылыми топты дұрыс құру үшін рөлдерді бөлу, ресурстарды тиімді пайдалану және топ мүшелерінің қабілеттерін анықтау маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмысты жоспарлау, стратегиялық шешімдер қабылдау және ғылыми ұжыммен тиімді әрекет ету жолдары бойынша практикалық кеңестер ұсынды.
Семинарға 300-ден аса жас ғалым, ғылыми қызметкерлер, зерттеу топтары мен ғылыми жоба жетекшілері қатысты. Семинар соңында қатысушылар спикерге сұрақ қойып, залда кері байланыс орнады.
Айта кетейік, бұл сапарында Жанар Темірбекова Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай естелік төсбелгімен марапатталды.
Ал семинар ғылыми ортада көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, заманауи басқару әдістерін меңгеруге және ғылыми-зерттеу топтарын тиімді басқаруға бағытталған ерекше шара болды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 