МЕМОРАНДУМ: ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІН БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – Теология факультетінің бітіруші түлектерін Қылмыстық-атқару жүйесінде қызметпен қамтамасыз ету.
Аталмыш келісім шартқа Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психология жұмыс тобының бас маманы, әділет подполковнигі Айгүл Таношова мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психология жұмыс тобының бас маманы, аға инспектор, майор Бақдаулет Әбілқайыров пен университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова қол қойды.
Келесі кезекте, қонақтар Теология факультетінің студенттері және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.
Басқосудың негізгі мақсаты –Теология факультетінде дайындалатын мамандарды (дінтанушы, теолог, исламтанушы, психолог-дінтанушы, философ-дінтанушы) болашақта қызметпен қамтамасыз ету.
Жиын барысында әділет подполковнигі Айгүл Таношова мен аға инспектор, майор Бақдаулет Әбілқайыров Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің ерекшеліктерімен білім алушыларды таныстырды. Аталған департаментте сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстармен айналысатын жұмыс топтарына дінтанушы, теолог, исламтанушы, психолог-дінтанушы, философ-дінтанушы мамандардың қажет екеніне кеңінен тоқталды. Білім алушыларды маман ретінде Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге шақырды.
Басқосу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға қонақтар жан-жақты жауап берді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 