СТУДЕНТТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
«Fibonacci Robot Olympiad» олимпиадасы – әлемнің 50-ге жуық елінде өткізілетін халықаралық деңгейдегі беделді жарыс, жас өнертапқыштар мен болашақ мамандардың ғылым, техника, инженерия саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
Халықаралық олимпиаданың республикалық іріктеу кезеңі Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында өтті. Оған университетіміздің атынан Жаратылыстану факультетінің студенттерінен құралған бірнеше команда қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтар болсақ, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, физика кафедрасы мен Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар ғылыми зерттеу институты даярлаған студенттеріміз Жалиш Самандар мен Сулейменов Алишер «VR Innovators» командасының намысын қорғап, инновациялық жобалар бағыты бойынша жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі – Физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Бақытжан Курбанбеков.
Ал «STEMForge» командасының мүшелері Тәттібек Мағжан мен Сулейменов Алишер және «Yassawi NanoTECH» командасында Қалдар Берік пен Патчаханов Дияр (жетекшісі Курбанбеков Ш.Р.) 2-ші орындарды иеленді. «STEMForge» командасының жетекшісі – Физика кафедрасының доценті PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Раманкулов, ал «Yassawi NanoTECH» командасының жетекшісі – Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар ҒЗИ директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Шерзод Курбанбеков.
Сондай-ақ, «Yassawi FuelCell Innovators» команда атауымен Абдужаппаров Шукур мен Қалдар Берік 3-орын жүлделерін жеңіп алды. Команда жетекшісі – Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар және жаңа материалдар ҒЗИ ғылыми қызметкері Нүркен Мұсахан.
Осылайша, білім алушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, 2025 жылдың сәуір айында Түркияның Анталья қаласында өтетін «Fibonacci International Robot» олимпиадасының Халықаралық кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, білім алушылардың «Fibonacci International Robot» олимпиадасындағы жетістіктеріне университетімізде орындалып жатқан гранттық жобалар ықпал етті. Олар: «Болашақ физика мұғалімдері үшін физикалық эксперименттерді (VR) виртуальды шындық технологиясы арқылы ұйымдастырудың әдістемесін дамыту» (жоба жетекшісі Курбанбеков Б.А.), «Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» серіктестігі жағдайында пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру» (жоба жетекшісі Раманкулов Ш.Ж.), «Мақта тазалау машиналарының ара дискілері үшін наноқұрылымдық қорғаныш жабынды алудың тиімді технологияларын әзірлеу» (жоба жетекшісі Шектібаев Н.А.) атты ғылыми-зерттеу жұмыстары. Бұл жобалар заманауи білім беру ресурстарын, инновациялық технологияларды және тәжірибелік мүмкіндіктерді ұсыну арқылы жас таланттардың ғылыми-зерттеушілік және инженерлік дағдыларын дамытуға зор үлес қосады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 