УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Университетіміздің студенттері Түркия Республикасының «23 сәуір – Ұлттық егемендік және балалар күніне» орай Түркістандағы Ататүрік мектебінде №17 мектеп-гимназиясында ерекше шара өткізді.
Студенттер мен университет ұжымы 1-сынып оқушыларымен кездесіп, балалармен түрлі ойындар ойнады. Балалардың бетіне бояумен сурет салып, сыйлықтар тарту етті. Көңілді әрі ұмытылмас сәттерге толы бұл кездесуде университет студенттері мен бүлдіршіндер мерекелік атмосферада қызық уақыт өткізді.
Шара ұйымдастырушылары мұндай әлеуметтік жобалардың балалар мен қоғам арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда маңызды екенін атап өтті.
Осылайша, Түркия Республикасының Ұлттық егемендік және балалар күніне орай өткен шара университет студенттері мен кішкентай бүлдіршіндер үшін ерекше әсер қалдырды.
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2026 конкурсына үміткерлер тізімі
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 