ТҮРКІ МИРАСЫН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының мақсаты – Түркі халықтарының материалдық және рухани мұрасын қорғау, зерттеу және насихаттау.
Ректор Жанар Темірбекова: «Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры мен біздің оқу орданың құрылудағы миссиясы өте ұқсас. Себебі, университетімізде Түркология және Ясауитану, Археология ғылыми-зерттеу орталықтары мен Спорт және өнер факультеті бар. Осының барлығы түркі мәдениетінің мирасы. Мирастың да материалдық және рухани түрлері бар. Ал, біз сол мирастардың барлығына өзімізді жауапты сезінеміз»,-деді.
«Түрік пен қазақ азаматтары болып, барлығымыз бірге түркі мәдениетін, дәстүрі мен мұрасын сақтайық. Бұл жолда бізде көптеген мүмкіндік бар. Әрі, түркі мемлекеттерінің басшылары да бізге сеніп, үлкен сенім артып отыр. Сондықтан, қолда бар ресурстарымызды пайдаланып, түркі мирасын бір ортаға жинап, одан әрі таныта түсейік! Жастарымызға өз тарихымыз бен тілімізді танытатын жаңа жобаларды жүзеге асырайық!»,-деді Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова.
Сонымен қатар, қор президенті ұйымның бүгінге дейін атқарған тың жобалары мен алға қойған мақсаттары туралы кеңінен баяндады. Түркі халықтарының ортақ мұрасын сақтау мен таныту жолында жасалған игі істерді кездесуге қатысқан басшылар да тыңдап, ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында екі тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ақтоты Райымқұлова мен Жанар Темірбекова бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп, мекемелер атынан арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 