«JOUR SHOW – 2025» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Айта кетейік, бұл шоу кафедраның ұзақ жылдар бойы дәстүрлі түрде өткізетін іс-шарасы. Араға бірнеше уақыт салып, қайта жанданған бұл кеште студенттер бар өнерлерін ортаға салды.
1-3 курс студенттері қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың «Ойладың ба?», «Жүрек қалауы», «Ұмытылмас күн» сынды өзге де әндерін шырқап, ерекше леп сыйлады.
Сондай-ақ, оқу ордамыздағы студенттерден құралған алғашқы әуесқой хор Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Ал, студент ақындар Абай Құнанбаевқа арнаған шығармасын, енді бірі сезімге толы өлеңін оқыды.
Болашақ журналистер сахна төрінде би билеп, кештің көркін кіргізді.
Кеш соңында Журналистика кафедрасының меңгерушісі Балзия Баешова керемет қорытынды кеш ұйымдастырып, еңбек еткен студенттер мен ұстаздарға алғыс білдірді. Көрермен қауым да қошеметін аямады.
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2026 конкурсына үміткерлер тізімі
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 