БОКСШЫ СТУДЕНТТЕРІМІЗ - АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ
Әйелдер арасында 75 келі салмақта ел намысын қорғаған Шұғыла Нәлібай финалда Шри-Ланка өкілі Мудианселадже Нарасинханы 1-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Шұғыланың жойқын соққыларына қарсылас еш қарсылық көрсете алмай, төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтатты. Бұл оның халықаралық ареналардағы кезекті жарқын жеңісі.
Ерлер арасында 67 келі салмақта күш сынасқан Бақтияр Анарбаев та финалда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Қырғызстандық Алмаз Орозбековпен болған кездесуде жерлесіміз шабуыл мен қорғанысты тиімді үйлестіріп, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті. 2023 жылы Астанада жастар арасында Азия чемпионы атанған Бақтияр бұл жолы да жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.
Ерлер арасында 75 келіде жұдырықтасқан Аман Қонысбековтің де ақтық сында мерейі үстем болды. Жергілікті боксшы Усайз Мохаммедке қарсы өткізген кездесуде ол өз стилінен айнымай, төрешілердің бірауыз шешімімен 5:0 есебінде жеңіске жетті. Аман бұған дейін Астанадағы Elorda Cup халықаралық турнирінде ұлттық құрама сапында дебют жасаған болатын.
Чемпиондарымыздыі жеңісі құтты болсын, алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 