ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: ОҚУ ОРДАМЫЗДА РЕСЕЙЛІК БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Университетіміздің Медицина факультетінде Ресей Федерациясының танымал профессоры Андрей Гржибовский маңызды семинарлар өткізді.
Айта кетейік, Андрей Гржибовский – Ресейдің Архангельск қаласынан келген беделді ғалым, ғылым және инновациялық жұмыс жөніндегі басқарма жетекшісі, PhD, профессор. Ол халықаралық деңгейдегі беделді ғалым. Әсіресе, эпидемиология және биостатистика салалары бойынша кеңінен танымал.
Профессордың көпжылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі мен әдістемелік шеберлігі факультетіміздің магистранттар мен докторанттарының және оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
Андрей Гржибовский семинар аясында эпидемиология, биостатистика салаларындағы ғылыми зерттеу әдістері бойынша мол тәжірибесімен бөлісіп, маңызды ғылыми бағыттарға терең шолу жасады.
Семинарларға қатысқан оқытушылар, докторанттар мен жас зерттеушілер өзекті сұрақтарына кәсіби жауап алып, ғылымға деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды.
Жиын соңында: «Осындай маңызды семинарлар — факультетіміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және университетіміздің халықаралық серіктестігін нығайтуға, білім мен зерттеу сапасын көтеруіне ықпал ететін алаң»,-деді қатысушылар. Сондай-ақ, өз тәжірибесімен бөліскен профессор Андрей Гржибовскийге алғыстарын білдірді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 