РЕКТОР ЖАНАР ТЕМІРБЕКОВА ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен айтулы іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының теңдіктің, қорғалу құқығының және сот төрелігіне қолжетімділіктің негізгі кепілі ретіндегі рөлін талқылау.
Жиында Жанар Темірбекова «Адам құқықтары идеясының эволюциясы: Ясауи рухани мұрасынан Қазақстан Республикасының Конституциясына дейін» тақырыбында баяндама оқыды. Ата Заңның бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі мен демократиялық дамуының іргетасы екенін атады. Сонымен қатар, адам құқығы идеясы түркі ойшылдарының ғасырлар бойы қалыптастырған ілімдерінен бастау алғанын дәлелдермен келтіре отырып, тарқата жеткізді. Адам құқығы идеясы Фарабиден Ясауиге, Ясауиден Абайға, Абайдан Конституцияға жалғасқан алтын арқау екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, халықаралық шарада ректор Жанар Темірбекова ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимованың қолынан «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталды. Бұл марапат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін ғана бекітілді.
Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.
Ал конференцияның пленарлық сессиясының модераторы – оқу ордамыздың түлегі, Түлектер қауымдастығының төрағасы және Құрметті профессоры, ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Азимова болды.
Сессияда конституциялық құрылыстың тұрақтылығы, тиімді құқық қорғау қызметі мен қоғамдық қауіпсіздіктің арақатынасы талқыланды. Құқықтық нигилизмнің алдын алу және заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін негізгі Заңды қорғау тетіктері, Конституциялық тұрақтылық мемлекет пен қоғамның үдемелі дамуының ең маңызды шарты ретінде қарастырылды. Сондай-ақ, іс-шарада Қазақстанның Құқықтық тәртіпті нығайтудағы жетістіктері, азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері, оның ішінде Конституциялық Соттың қызметі, дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту және сот жүйесін жетілдіру мәселелері айтылды. Азаматтардың барлық санаттарының сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға, жеке тұлғаның құқықтық қорғалуын күшейтуге және құқықтық тәртіпті дамытуға ықпал ететін озық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Осылайша, пленарлық отырыстар мемлекеттік органдар, сот жүйесі, ғылыми қоғамдастық, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдерінің құқық пен конституциялық сот төрелігінің болашағы туралы диалог алаңына айналды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 