ОҚУ ОРДАМЫЗҒА БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ
«Климент Охридский әулие» атындағы София университеті – 1888 жылы негізі қаланған Болгариядағы алдыңғы қатардағы оқу орда.
Айта кетейік, қадірлі қонақтар елімізге «Қазақстан: тарих және мәдениет» этномәдени тәжірибесі» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында арнайы келген. Түркі әлемінің астанасына айналған Түркістанға табан тіреген делегацияны оқу ордамыз құшақ жая қарсы алды.
Ең алдымен, қонақтар Мәдениет орталығындағы «Түркі халықтарының тарихы» понорамалық мұражайын аралады. Ал, Археология ғылыми зерттеу институтының жетекші маманы Мэлс Бақтыбаев мұражайдың тарихи маңызын баяндап берді.
Сонымен қатар, Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов делегацияға университет тарихын, бүгіні мен білім беру бағыттары жөнінде кеңінен таныстырды.
Делегация мүшелері университеттің бас ғимаратында естелікке суретке түсті. Қонақжайлық танытып, ыстық ықыласпен қарсы алған университет қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2026 конкурсына үміткерлер тізімі
ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
I БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКОЛОГТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӘДІСНАМА КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 