«ЖҰПТАСҚАН ЖҮРЕКТЕР – ТҮЛЕКТЕР!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты мақсат – түлектер мен университет арасында алтын көпір орнату, жастарға отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Сондай-ақ, ажырасудың алдын алу мен отбасындағы өзара татулық, бірлік сырымен бөлісу.
Айтулы іс-шараға университет қабырғасында жүріп табысып, мерейлі отбасына айналған түлектер қатысты.
Түлек-жұптар қатарында: Актерлік өнер мамандығының 2003-2005 жылғы түлектері Сұңқар Исабеков пен Асылзат Ибраева , Халықаралық қатынастар мамандығының 2000 жылғы түлегі Нұржан Әбішов пен Филология факультетінің 2002 жылғы түлегі Пакизат Адиева, 2003 жылы Спорт факультетін аяқтаған Ғалымжан Құдияров пен Халықаралық қатынастар мамандығының 2008 жылғы түлегі Ақбота Бекболатова, Медицина факультетін аяқтаған Нұрлан Абдраймов пен Айнұр Байзақова өзге де әр жылдардағы түлектер бар. Айта кетейік, іс-шара қатысқан түлектердің барлығы дерлік әр салада еңбек етіп, өңір дамуына үлес қосып жүрген азаматтар.
Мерекелік жиын барысында жұптар ән шырқап, ұл-қыздарымен, отбасы мүшелерін ортаға шақырып, бақытты отбасының үлгісін көрсетті. Жұптасқан түлектер сахна төрінде өздерінің студент кезіндегі қызықты сәттерін, әрі отбасында тату-тәтті өмір сүрудің қыр-сырын бөлісті.
Сондай-ақ, сүбелі сұхбат барысында тәрбиелік мәні бар видеороликтер көрсетілді.
Іс-шараның құрметті қонағы, түлегіміз, ҚР мәдениет саласының үздігі, Айтыс ақындары мен жыршы термешілер халықаралық одағының мүшесі, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұлттық жанр жөніндегі маманы, дәстүрлі ән-жыр орындаушысы, ұстаз Аязбек Рүстемов терме орындады. «Қадірле ата анаңды тірісінде...» атты бұл терме көптің жанын тебірентті.
Іс-шараның құрметті қонағы,
Кеш соңында көрермен қауым жұптасқан түлектеріміздің өнері мен өнегелі әңгімелері үшін қошемет көрсетті.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 