УНИВЕРСИТЕТ ЖУРНАЛДАРЫ ҮШІН ЖАҢА КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ
Университетімізде Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен «Ғылыми журналдарды дамыту мәселелері» тақырыбында екі күндік ғылыми-редакциялық семинар өтті.
Семинарды Ғылым департаментінің директоры Хайрулла Масадиков алғысөз сөйлеп ашты. Ол ғылыми журналдар үшін жаңа кезеңнің басталғанын тілге тиек ете отырып, оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыру барысында мұндай басылымдарға қойылатын міндеттердің де артқанын баса айтты.
«Ғылыми журналдарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жолдары» атты тақырыпта баяндама жасаған PhD, университеттің профессор-зерттеушісі Жексенбек Тоқтарбай докторанттар мен ғылыми журнал редакторларына Халықаралық Scopus базасына мақала берудің талаптары жайлы кеңінен сөз қозғады. Докторанттармен ашық пікір таластырған баяндамашы олардың барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Өзі де бірнеше халықаралық журналдардың редакторы ретінде мол тәжірибесімен бөліскен Жексенбек Тоқтарбай ғылыми басылымның халықаралық базаларға енгізудің бағыт-бағдарының қандай болатынын атап өтті.
Семинарда «Ясауи университетінің хабаршысы» (Айгүл Садыкова), «Түркология» (Халил Четин), «Hikmet» (Жаһангер Нұрматов), «Turkic historical studies» (Хазіретәлі Тұрсұн, Марат Салғараев), «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» (Шерзод Құрбанбеков), «Yassawi Journal of Healts Sciences» (Алтынай Бабаева), «International Journal of Environmental Science and Green Technology» (Нұрлан Ахметов) журналдарын шығаруға жауаптылар белсенділік танытып, өз басылымдарының жай-күйімен таныстырды.
Семинар жұмысынан кейін бірнеше халықаралық журналдардың редакторы, профессор-зерттеуші Жексенбек Тоқтарбайды Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева қабылдады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 