«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
Іс-шарада ең алдымен модератор болған Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Мейірбекұлы сөз алып, кездесудің мақсаты мен маңызын атап өтті.
Жиын барысында құқық қорғау органдары мен білім саласының өкілдері сөз сөйледі.
Алғашқы болып ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕАК Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Мейірхан Мамыт мінберге шығып, құқық бұзушылықтың алдын алудағы азаматтық жауапкершілік жайында баяндады.
Кейін сөзді әріптестері – бөлім прокуроры Уеис Уалихан мен бөлімнің аға прокуроры Улназ Кенжеева жалғастырып, өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Атап айтар болсақ, лудоманияның зардаптары, алаяқтықтан сақтану жолдары және жеке құқықты қорғау мәселелеріне тоқталды.
Бұдан әрі өздері арнайы дайындаған бейнероликті көрсетіп, студент жастарды алаяқтардың құрбаны болудан сақтануға шақырды.
Сонымен қатар Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD, аға оқытушы Жандос Ибраев «Адалдық пен әділдік – ұлт құндылығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Оның жалынды сөздері жастардың рухын оятуға, адал азамат ретінде қалыптасуға арналды.
Кездесудің соңында сұрақ-жауап бөлімі өтіп, студенттер мен қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеуге зор үлес қосады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 