УАҚЫТТЫ ЕҢСЕРГЕН МҰРА – ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТТАР ӨТКІЗУДЕ
Оқу ордамызда «Уақытты еңсерген мұра – Жібек жолы» атты халықаралық көрме аясында шеберлер студенттер үшін түрлі бағыттағы шеберлік сағаттар өтіп жатыр.
Мәдениет орталығында тәжірибелі шеберлер каллиграфия, қолмен ағаш ою, иллюминация, миниатюра және ою-өрнек өнерінің қыр-сырымен бөлісуде.
Көрмені тамашалап, шеберліктерін сынап көргендердің қатарында тек студенттер ғана емес, оқытушы-профессорлар да бар.
Студенттеріміз көне дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімін сезініп, қолөнерінің бай мұрасымен танысты. Тек танысып қана қоймай, өздерінің де шеберліктерін көрсетті. Бірі араб жазуымен ақ қағаз бен қалам ұстаса, енді бірі ағаштан ою ойып, көркемдеді. Түрлі түске боялған өрнектер көздің жауын алады.
Бұл шараның ерекшелігі – ол елімізде жарияланған «2025 – Жұмысшылар жылының» маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Шеберлік сағаттарына қатысқан студенттер еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен дәстүрлі қолөнер иелерінің үздіксіз еңбегіне куә болды. Шынайы еңбек пен шеберліктің қадірін түсіне отырып, «Жұмысшылар жылының» басты идеясы – адал еңбек пен кәсіби шеберлікті дәріптеу екенін ұғына түсті.
Шеберлік сағаттар шығармашылық көзқарасты кеңейтіп қана қоймай, ұлттар арасындағы мәдени байланысты да нығайтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 