ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ БҰҰ САРАПШЫСЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) Түркия кеңсесінің Миграция және босқындар мәселелері жөніндегі техникалық маманы Аниндя Датта Экономика және басқару факультетінің студенттері және оқытушы-профессорларымен онлайн кездесу өткізді. Белгілі маман Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына орай, Дипломатиялық сұхбаттар сериясы аясында – «Адамзатқа қызмет ету: Бір кәсіби маманның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жолы» атты баяндамасын оқыды. Айтулы жиынды Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) гуманитарлық бағыттағы қызметін таныстыру, БҰҰ жүйесіндегі кәсіби мүмкіндіктер мен босқындармен жұмыс саласындағы тәжірибені талқылау. Білім алушылардың халықаралық ұйымдардағы мансаптық бағдарын қалыптастыруға ықпал ету.
Жиын спикері – Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) Түркия кеңсесінің Миграция және босқындар мәселелері жөніндегі техникалық маманы Аниндя Датта Бангладеш елінен шыққан халықаралық сарапшы. Соңғы 10 жылдан бері Азиядағы көші-қон, еңбек және әлеуметтік саясат бағытында қызмет етіп келеді. Бұған дейін БҰҰ агенттіктерінде, Швейцария Үкіметінде және халықаралық ҮЕҰ-ларда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ILO Түркия кеңсесінде осал топтарға бағытталған бағдарламаларды үйлестіреді.
Маңызды кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарына тың жауаптар алды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 