УНИВЕРСИТЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚАРСЫ АЛДЫ
Бүгін университетіміздің басшылық құрамы мен студенттері Дубайда өткен пара пауэрлифтингтен әлем кубогында қос алтынды жеңіп алған білімгеріміз Зарина Әшірді зор қошеметпен қарсы алды.
Айта кетейік, Зарина Әшір – Теология факультетінің 1-курс студенті. Спортшымыз жастар арасында 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, 63 келі салмақты бағындырып, алтынға ие болды. Одан кейін үш тәсілдің қосындысы бойынша 166 ұпай жинап, екінші алтынды жеңіп алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова мен қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Нурсой және Теология факультетінің деканы Досай Кенжетай бастаған оқытушы-профессорлар мен студенттер Зарина Әшірге құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыстады.
Ал, ректорымыз Жанар Темірбекова университетіміздің ғана емес, еліміздің мерейін үстем етіп, көк туын желбіреткен Зарина Әшірді жеңісімен құттықтап, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, чемпионымызға арнайы сый-сияпаттар берді.
Айтулы жарысқа әлемнің 33 елінен 180-нен астам спортшы қатысқан болатын. Көп ішінен оқ бойы оза шауып, жеңімпаз атанған спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-тұрік университеті Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды 