СТУДЕНТТЕРІМІЗ «ЖАС ТОЛҚЫН -2024» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Университетіміздің талантты студенттері қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Жас толқын-2024» аймақтық эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауында жеңімпаз атанды.
Атаулы байқау Түркістан – түркі елдерінің туристік астанасы аясында, ақын, әнші, композитор Біржан салдың 190 жылдығына, Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Байқауға эстрада әншілері бағыты бойынша барлығы 25 үміткер өзара бақ сынады.
Жас эстрада әншілері жанды дауыста 2 ән орындады. Бірінші кезеңде патриоттық және әскери жанрда, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта әндер шырқады.
Өнер додасында үміткерлердің орындау шеберлігіне, таңдалған шығарманың тәрбиелік мазмұны мен мағынасына, қатысушылардың сахнада өзін-өзі ұстауы, сахна мәдениетіне қарай баға берілді.
Сайыс нәтижесінде эстрада әншілері бағыты бойынша бас жүлдені «Эстрада өнері» мамандығының 1-курс студенті Еділхан Нұрғазы жеңіп алып, «Жас толқын – 2024» атанды. Ал, Шахзод Бабаханов пен Маржан Мақұлбек 2- орынды иемденді.
Жеңімпаз атанған өнерлі білімгерлеріміз қала әкімі атынан арнайы диплом мен қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 