«КОМАНДАДАҒЫ СЕНІМ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Айта кетейік, Корпоративтік таңғы ас бағдарламасы – декандар, департамент басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілеріне арналған біліктілікті арттыру және команда құру бағытындағы кездесулер. Таңғы ас форматында өтетін басқосуда түрлі тақырыпты қамтитын тренинг-семинарлар ұйымдастырылады.
Ең алдымен, қатысушылар, командадағы сенімді нығайтуды мақсат ететін ойындар ойнады. Әр топ өздерін сипаттайтын үш сөз арқылы сенімнің маңызын саралады. Командалық өзара сенімді нығайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынды.
Тренинг барысында Мустафа Гиритлиоглу: «Бүгінгі мақсат – үлкен өзгеріс емес, кішкентай ой тудыру. Сенім бар болса, адамдар ойын ашық айтады. Қателесуден де қорықпайды. Егер сенім болмаса, адамда сырттай тыныштық пен іштей реніш көбейеді. Келісім болғанымен, қабылдау болмайды. Нәтиже болғанымен, шынайы команда болмайды»,- деді.
Сонымен қатар, ұжымдағы сенімнің 4 тірегін таныстырды. Ең бірінші ашық коммуникация – бұл проблеманы жасыру емес, бірге шешу. Екінші тірек – рөлдердің анықтығы. Командадағы түсініксіздік — сенімнің жауы. Үшінші тірек – өзара қолдау. Ал ортақ мақсат тірегі – «Менің емес, біздің нәтижеміз» деген түсінік екенін жеткізді.
Келесі кезекте командалар «Сенім картасын» жасады. Қатысушылар: Сенім қай жерде жақсы? Ол қай жерде әлсіреуі мүмкін? деген сауалдарға жауап берді. Осы арқылы сенімді күшейтетін әрекеттерді анықтады.
Осылайша тренингке қатысушылар сенім мен ынтымақтастықтың байланысын сараптады. Ұжым үшін ең маңызды тақырыптарды қызықты қадамдар арқылы жеткізген спикерге алғыстарын айтты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы, ЖОО кейінгі медициналық білім беру факультеті конкурс жариялайды
# 18. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Физика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер, медиа және дизайн кафедрасы,Жалпы пәндер бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Журналистика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды 