Әлеуметтік-мәдени мәселелер комитеті
Әлеуметтік-мәдени мәселелер комитеті - университет қызметінің әлеуметтік-мәдени, тәрбиелік және әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылау, үйлестіру және іске асыруға бағытталған алқалы орталық болып табылады. Комитет университеттің әлеуметтік-мәдени даму саясатын жүзеге асыру, білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта қалыптастыру және әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Комитет қызметі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректордың жетекшілігімен жүзеге асырылады және оған қарасты құрылымдық бөлімдердің өзара ықпалдастығына негізделеді. Атап айтқанда, «Жастар саясаты» департаменті, Түлектер қауымдастығы, Спорттық-сауықтыру орталығы, Мәдениет орталығы, Түрік халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-практикалық) орталығы, Жастар орталығы, Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау бөлімі, «АИ» дәрігерлік амбулаториясы, Жатақхана орталығы әлеуметтік-мәдени, тәрбиелік, психологиялық және сауықтыру бағытындағы іс-шараларды іске асыруға тікелей қатысады.
Комитет университеттегі әлеуметтік-мәдени жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар әзірлейді, құрылымдық бөлімдер қызметін талдайды, әлеуметтік қолдау, мәдени-тәрбиелік және жастар саясаты бағытындағы жобаларды қарастырады және іске асыруға ұсынады. Сонымен қатар әлеуметтік бейімделу, психологиялық қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды үйлестіру арқылы университеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен тәрбиелік кеңістігінің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті конкурс жариялайды
III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультеті, Дене мәдениеті, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығы, Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті, Тұран баспаханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорттық сауықтыру орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жастар саясаты департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Инженерия факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті кафедра меңгеруші, оқытушы-профессорлар құрамына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті факультеттеріне Декан лауазымына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сатып алу бөлімі, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды 