shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Факультет кураторларымен жиналыс

Теология факультетінде кураторлар мен деканның қатысуымен маңызды жиналыс өтті. Кездесу барысында 2025–2026 оқу жылының II семестріне жоспарланған тәрбиелік іс-шаралар жан-жақты талқыланып, жоспарға енгізілген жаңа бағыттар кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттердің тәрбиесі, оқу үдерісіне белсенді қатысуы, сабаққа қатысу тәртібі секілді өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысында декан әр кураторға бекітілген іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындауды, сондай-ақ тиісті құжаттамалар мен хаттамалардың жүйелі түрде жүргізілуін тапсырды.