Хабарландырулар

shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Дінтану»  кафедрасы

Камалова Фэриде Болатқызы

PhD (философия докторы), аға оқытушы

Кафедра меңгерушісі

Мекен-жай: Түркістан қ.,  Б.Саттарханов даңғылы, 29.  Кафедра «Дінтану»,  1-корпус 327 кабинет

Телефон: 8(72533) -6-36-36 (ішкі 11-39)

Е-mail: feride.kamalova@ayu.edu.kz

Кафедра университетімізде құрылған алғашқы кафедралардың бірі болып саналады.  2021-2022 оқу жылында жаңадан Теология факультетінің құрылуына орай «Дінтану» кафедрасы қайтадан жасақталды. 

«Дінтану» кафедрасы барлық білім беру бағдарламаларына Ясауитану пәнін жүргізеді. Сонымен қатар, 6В02228-Дінтану мен 7М02211-Дінтану білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауда. Қазіргі таңда кафедрада жалпы саны 14 ОПҚ, оның ішінде 1 ғылым докторы, 1 туркиялық профессор, 2 қауымдастырылған профессор (доцент), 1 ғылым кандидаты, 3 PhD, 3 аға оқытушы, 2 магистр оқытушы және 1 практик маман қызмет етуде. Кафедра оқытушылары әр оқу жылында педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында біліктілік жетілдіру курстарына қатысып отырады.

Кафедра мақсаты - 6B02228-Дінтану, 7М02211-Дінтану білім беру бағдарламалары бойынша үздіксіз ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру, жеке тұлға мен қоғам талабына сай әлемдік білім беру кеңістігінде шет ел білім беру бағдарламаларымен салыстырмалы қарастыру; Отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету; Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар қалыптастыру; экологиялық, этикалық, құқықтық, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру; Ұдайы өзгермелі еңбек нарығында түлектердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету; Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарда болашақ маманның үйлесімді қызмет етуі.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  1. Білім беру үдерісін жетілдіру: 6B02228 – «Дінтану» және 7М02211 – «Дінтану» білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісін заманауи талаптарға сай ұйымдастыру, инновациялық оқыту технологияларын енгізу және оқу-әдістемелік базаны тұрақты түрде жетілдіру.
  2. Халықаралық тәжірибе мен академиялық ұтқырлықты дамыту: Әлемдік білім беру кеңістігіндегі жетекші жоғары оқу орындарының дінтану бағдарламаларымен салыстырмалы талдау жүргізу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету.
  3. Патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру: Студенттерде отансүйгіштік рухын қалыптастыру, ұлттық мәдени мұра мен тарихи дәстүрлерге құрмет сезімін дамыту, тұлғаның рухани және моральдық тұрғыдан жетілуіне ықпал ету.
  4. Мәдениетаралық және конфессияаралық толеранттылықты нығайту: Әртүрлі мәдениеттер мен діни дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыру, қоғамда келісім мен өзара түсіністік қағидаттарын дәріптеу.
  5. Жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды дамыту: Студенттердің жауапкершілік, гуманизм, әділдік, еңбексүйгіштік және өзара құрмет сияқты қасиеттерін тәрбиелеу.
  6. Экологиялық, этикалық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру: Табиғатқа, қоғамға және адамға деген жауапты көзқарасты дамыту, кәсіби этика мен құқықтық мәдениет нормаларын сақтау дағдыларын орнықтыру.
  7. Дене және ойлау мәдениетін жетілдіру: Салауатты өмір салтын насихаттау, сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру және интеллектуалдық әлеуетті дамыту.
  8. Түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету: Кәсіби құзыреттілікті, шығармашылық ойлау мен практикалық дағдыларды дамыту арқылы түлектердің жоғары кәсіби ұтқырлығын қамтамасыз ету.
  9. Мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласында кәсіби даярлықты қамтамасыз ету: Болашақ мамандардың діни бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәдениетін меңгеруін және қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға үлес қосуын қамтамасыз ету.

Оқу

Кафедра оқытушылары тұрақты түрде өздерінің біліктілігін арттыру жұмысымен айналысады. Біліктілікті арттырудың негізгі формалары: курстар, семинарлар, тренингтер болып табылады. 2024-2025 оқу жылында кафедраның барлық оқытушылар құрамы «Инклюзивті оқыту» мен «Жасанды интеллект» курстарын оқып, біліктіліктерін арттырды, ал 2025-2026 жаңа оқу жылында жаңадан келген оқытушылар тағы оқитын болады.

Оқытушылардың өз біліктіліктерін арттыруға мүдделілігі тікелей кафедраның жұмысының басты мақсатымен байланысты – оқытудың жоғары ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейі, біліктілігі жоғары  шығармашылық мамандарды даярлау. Сондықтан кафедрада мақсаты білім беру үрдісінің сапасын үздіксіз арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру болып табылатын оқыту - әдістемелік жұмысқа аса үлкен назар аударылады.

Жыл сайын оқу үрдісіне қажетті оқу құралдары, силлабус, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, лекциялық курстар қазақ, орыс және түрік тілдерінде дайындалады. 

Қ/с

Профессор-оқытушылардың аты-жөні

Қызметі

Ғылыми дәрежесі/академиялық дәрежесі

Ғылыми атағы

Ескерту

1

Камалова Фэриде  Болатқызы

Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы 

PhD

 

 

2

Кенжетаев Досай Турсынбаевич

Профессор

Филос.ғ.д.

профессор

 

3

Жасим Авжы

Профессор

PhD

профессор

Түркия азаматы

4

Абжалов Султанмурат Утешович

Доцент

Филос.ғ.к.

Доцент

Декан

5

Мырзабеков Муратбек Мырзабекович

Аға оқытушы

Филос.ғ.к.

 

 

6

Төлегенов Мұхит Жылқайдарұлы

Аға оқытушы

PhD

 

 

7

Абдрасилов Турганбай Курманбаевич

Доцент

PhD

Доцент

 

8

Оразбай Сержан Қарсыбайұлы

Аға оқытушы

 

 

 

9

Бейсенов Айбек Сайранович

Аға оқытушы

Магистр

 

 

10

Адиева Ляззат Саруаровна

Оқытушы

Магистр

 

 

11

Тілекеева Балайым Рахматуллақызы

Оқытушы

Магистр

 

 

12

Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы

Аға оқытушы

PhD

 

Ішкі қосалқы, ҒЗИ директоры

13

Дауренқұлов Қашымхан Боранбайұлы

Аға оқытушы

Магистр

 

Ішкі қосалқы, Зияткерлік орталық басшысы

14

Маханбетов Саятжан Бақытжанұлы

Аға оқытушы

Магистр

 

Сыртқы қосалқы, практик маман

 

2025-2026 жылы Дінтану кафедрасында 6В02228-Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша 90 студент білім алуда. Оның мемлекеттік грант бойынша – 66, түрік квотасы бойынша – 21, ақылы негізде – 7 студент.

Ал 7М02211-Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша 7 магистрант білім алуда.

2024-2025 оқу жылында 6В02228-Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша 13 түлек бітірсе, 2025-2026 оқу жылында 40 түлек оқуын бітіреді. Ал 7М02211-Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша 4 түлек бітіреді.

Жалпы, Дінтану кафедрасында 97 білім алушы бар.