«Yasawi Winter School» жобасы
08.01.2025ж күні оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша оқытушы-профессорлардың кәсіби дамуына арналған жобалардың бірі «Yasawi Winter School» жобасы басталды. Қысқы мектептің алғашқы апталығы Академиялық бағытпен бастау алды. 8-10 қаңтар аралығында Теология факультетіне қарасты философия, дінтану, теология кафедраларының пән оқытушыларына силлабус құруға қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған «Силлабустардың құрылымын жетілдіру» тақырыбында семинар-практикум өтілуде.
Аталмыш жобаның мақсаты – оқу орнымыздың оқытушы-профессорлар құрамының білімдері мен біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстырды нығайту.
Осындай маңызды іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып отырған университет басшылығына зор алғысымызды білдіреміз.






ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !
«Yasawi Winter School» жобасы 