shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Отбасы құндылығы – ұлт тірегі»

Бүгін Өнер, медиа және дизайн факультетінің ұйымдастыруымен тағылымды тәрбие сағаты өтті. «Отбасы құндылығы – ұлт тірегі» тақырыбымен ұйымдастырылған іс-шараға оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: 

«Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады», - деп, отбасының маңызын атап көрсеткен. 

Бүгінгі тәрбие сағаты Президентіміздің «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасы аясында іске асты. 

Тәрбие сағатында отбасы құндылықтары кеңінен талданды. Мемлекетіміздің отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстары баяндалды. Отбасы құндылығы туралы қанатты сөздер мен бақытты отбасы қағидалары жан-жақты сөз болды. 

Оқытушылар мен студенттер өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасу өрбіді.