shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Педагогика және психология кафедрасы, Психология (IP) білім беру бағдарламасы ГПП-411 тобы білімгерлерінің ұйымдастыруымен 09.12..2025 күні, сағат 10.30-де №3 ғимарат, 234 аудиторияда «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Ашық тәрбие сағатына белгілі желтоқсаншылар, аяулы ұстаздарымыз т.ғ.к., доцент Адилбекова Забираш Ашимхановна, п.ғ.к., доцент Жаздықбаева Мария Ботайқызы және Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, белгілі журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Кенжебекұлы Сердәлі ағайымыз арнайы шақыртумен қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бейімбет Әліпбай және Назира Тұрсынбаева, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы, PhD А.Б.Тасова және профессор, оқытушылар құрамы және ГПП-411, ГПП-511 топтарының студенттері қатысты.

Ашық тәрбие сағаты ұлттық рухты көтеру мақсатында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен ашылды. Жүргізушілердің желтоқсан туралы әсерлі сөздерінен кейін, желтоқсан оқиғасы туралы видео көрермендер назарына ұсынылды және осы видеодан қандай әсер алғандарын студенттер өз ойларымен ортаға салды. 

Келесі кезекте ашық тәрбие сағатына арнайы келген қонақтарымызға сөз берілді. Желтоқсан оқиғасы туралы терең, ақиқатқа толы шынайы айтқан ағай, апайларымыздың естелік әңгімелері студенттеріміздің көзімізге еріксіз жас ұялатты. Өте әсерлі айтқан естеліктер студенттердің отансүйгіштік сезімін оятып, желтоқсан құрбандарына және желтоқсан оқиғасы кезінде сол жерде болған әрбір аға-апаларымызға деген шексіз құрмет пен шексіз ризашылықтарын білдіруге ықпал етті. 

Ашық тәрбие сағаты соңында Бекжігіт ағамыздың «Ризамын» атты әнін барлық қатысушылар хормен айтып, қонақтарға деген шексіз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.

Ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.

 

 

 Топ тәлімгері аға оқытушы, ХҚТУ доценті:                  Ж.Қ.Дүйсенова